бар қысым жасай алады). Жоғарғы қысымды бүріккіштер қозғалтқыштың жұмыс тәртібіне байланысты жанармайды айналмалы бүрку арқылы шоғырланған жалын жасайды.
Қуаттылық жұмыс тәртібінде жанармай цилиндрге конус пішіндес түрінде өте кедей қоспа жасалып, қысу ырғағының соңында поршеньнің ойық түбінен оталдырғыш шыраққа қарай бағытталады.
GDI қозғалтқышының жұмысында үш жұмыс тәртібі қарастырылған:
өте төмен кедейленген жану тәртібі (жанармай қысу ырғағында беріледі);
қуаттылық тәртібі (жанармай сору ырғағында бүркіледі);
екі сатылы тәртіп (жанармай сору және қысу ырғақтарында
бүркіледі (бұл еуромодификацияларда қолданылады).
Өте төмен кедейленген қоспада жану тәртібі (жанармайды қысу ырғағында бүрку). Бұл жұмыс тәртібі төменгі жүктеме кезінде: қалалық қозғалыста, қала сыртындағы бірқалыпты, жылдамдығы 120 км/сағ. жылдамдықпен қозғалғанда пайдаланылады.
Жанармай қысу ырғағының соңында поршень жаққа қарай шағындалып бүркіліп, ауамен араласа буланып, жандырғыш шыраққа қарай бағытталады. Жану камерасының негізгі көлемінде қоспа өте кедейленгенімен, шырақ аумағында жеткілікті бай болғандықтан оталып, басқа қоспа да жанады. Соның нәтижесінде ауа мен жанармайдың салмақтық қатынасы тіпті 40:1 болғанда да, қозғалтқыш бірқалыпты жұмыс істейді.
Өте кедейленген қоспада жұмыс істеген қозғалтқыштан зиянды зат - азот тотығы бөлінеді, бұл жағдайда орнатылған катализатордың тиімділігі кемиді. Бұл кемшілікгі жою үшін, жанған газды айналдырып беру тәсілі қолданылған, бұл азот тотығының деңгейін күрт өзгертуге септігін тигізеді және қосымша катализатор орнату арқылы шешіледі.
Қуаттылық тәртібі (сору ырғағында бүрку). Біртекті қоспа дайындау қалалық қарқынды қозғалыс жағдайында, қала сыртындағы жоғарғы жылдамдықпен қозғалғанда және
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>