Қимылды ойындар жинағы

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ішіне жібермейді.
"Тасбақа". Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Тәрбиешінің дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады.
"Кесіртке". Ойыншылар кесірткенің қалпын жасайды. Екі жіптің ортасымен, қолдарымен тіреп жорғалайды.
"Жыландар". Балалар сәл ілгері еңкейіп, бір - бірінен ұстап тұрады. Берілген дабыл бойынша кедергілердің үстімен өрмелейді. Барынша "тізбекті" үзбеуге тырысады.
"Айгөлек". Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды:
Айгөлек, Айгөлек
Айдың беті аппақ қардай дөңгелек.
Таудан биік, көлден жүйрік,
Бастаймыз біз, жүгірмек.
Кәне, бізге кім керек?
Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады.
"Темірбай". Ойыншылар ортаға Темірбайды алып шеңбер жасайды да, былай дейді:
Бес күн Темірбайда
Қызықты, тату ойнаймыз,
Өзенге барып шомылып,
Тентек болып шылпылдап,
Әдемі болып сәндендік.
Тамақ және су ішпей
Кешке орманда жүгірдік.
Бір - бірімізге қарадықта,
Осылай жасадық.
Соңғы сөздерінен кейін жүргізуші қимылдар жасайды. Барлығы соны қайталайды. Одан әрі басқа жүргізуші тағайындайды.
"Құрылысшылар". Залда текшелер шашылып жатыр. Тәрбиешінің дабылы бойынша ойыншылар жылдамдыққа үй тұрғызады.

Секіру ойындары. "Қоян мен қасқыр". "Қасқырды" таңдалады. Қалған қатысушылар - "қояндар" болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша "қояндар" секіреді, екінші дабыл кезі

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: