". Дөңгелек ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып: "Менің сақинам қайда?" - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің мсіндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.
"Көкпар". Бұл ойын "ат шабыс" ойыны тәрізді тек аттың үстінде отырған болып есестету арқылы ойналады.
"Көрінбейтін тақия". Ойыншылар айнала шеңбер болып тұрады. Жүргізуші барлық ойыншыларды айналып өтіп, білдіртпей бір ойыншының артына тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы бірден оны байқамаса, онда ол жүргізуші болады. Тақияны тапқан ойыншы жүргізушіні қуып жетіп, оған тақияны кигізу керек.
Еңбектеуге, өрмелеуге арналған ойындар. "Балапандар". Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта - отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.
"Киік". Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады. Жүргізуші балалардың арасымен келіп, былай дейді:
Желаяқ киік шабады,
Жолменен киік шабады.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Оны қалай ұстаймыз?
Оны қалай ұстаймыз?
Дөңгелекті жауып, қолдарын жібереді. Егер "киік" ұсталса, ойыншылар ауысады.
"Мысық пен тышқан". Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, "тышқан" мен "мысық" таңдайды. "Тышқандар" "мысықтан" қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. "Мысықты" балалар дөңгелек
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>