нан қорғап жүреді. "Күзетші" шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол "күзетші" атанады.
"Бүркіт". Балалар "Бүркітті" таңдайды. Қалған ойыншылар - "қосаяқтар", "тышқандар", "құстар" болады. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша "бүркіт" ұясында отырады, ал қалғандары секіріп, жүгіріп, ұшып жүреді. Дабыл бойынша - бәрі тұрған жерінде қатып қалады, ал "бүркіт" ұшып шығып, қозғалып қалған ойыншыны тауып алады да, ол ойыншы "бүркіт" атанады.
"Ат шабыс". Ойыншыларда сандық реті тағылған, олар салт атты бейнесін бейнелейді. Салт аттылар белгілі ара қашықтықта жарысады. Олардың шабысын тәрбиеші бақылап отырады. Кім де кім қалып қойса не итерсе, ол ойыннан шығады. Алда болып, жақсы жарысқан ойыншы жеңімпаз атанады.
"Автомобильдер". Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды.
"Торғайлар мен мысық". Бірінші "мысықты" таңдайды, қалған қатысушылар "құстар" болып зал ішінде жүгіріп жүреді. Дабыл бойынша "мысық" жүгірі шығады да, оларды ұстай бастайды. Ұсталған "құс" енді "мысық" болады.
"Киіз үй". Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, тәрбиешінің дабылы бойынша "киіз үй" құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді.
"Қыз қуу". Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Екеуі де атпен шауып келеді. Жігіт атпен қыздың артынан қуады. Егер қызға жете алмаса, онда қыз жігітті айыптап, қамшымен қуады.
"Сақина
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>