Қимылды ойындар жинағы

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

нде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде "қасқыр" айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам "қасқыр" болады.
"Байланған орамал". Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы "допты" қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады.
"Қораздар шайқасы". Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады.
"Тиынды көтер". Алаңның қарама - қарсы жағына бастау сәті және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады.
"Қалпақты атып түсір". Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына белбеу алып, секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді.
"Ұя". Балалар өз - өздерін "құспын" деп елестетіп зал ішінде "ұшып", "секіріп" жүреді. Тәрбиешінің дабылы бойынша барлық ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп "ұяларына" ұшып келіп қонады.
"Қоян мен ит". Ойыншылар "итті" таңдайды, қалған ойыншылар "қоян" болады. Бір - бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. "Иттің" міндеті - бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген "қоянды" ұстап алуы қаже

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: