Қимылды ойындар жинағы

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

т. Ұстап алынған "қоян" ит болады.
"Қақпан". Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда - "орман аңдары" болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. "Аңдар" шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған "аңдар" шеңбер болып тұрады.
"Шабыс". Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады. Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек.
"Балықшылар". Үш "балықшыны" таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар - "балықтар" болады, олар жүзіп жүреді. "Балықшылар" былай дейді:
Суда балықтар жүзіп жүр,
Балықтар асыр салып ойнап жүр,
Балақтар, балықтар - тентектер
Біз сендерді ұстап аламыз балықтар.
Сақинаға бірнеше "балықтар" ұстап алуға тырысады, өздері сосын "балықшылар" атанады.
"Түйе мен ботақан" Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. "Түйе мен ботақан" - батыры таңдалады. "Түйе" дөңгелекті айналып жүріп, "ботасын" үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды. Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады.
Тастау, лақтыру және қағып алу ойындары. "Адасқан доп". Балалар дөңгелене шеңберге тұрады, бір - біріне допты бере бастайды. Жүргізуші дөңгелек сыртында допқа қолын тигізуге тырысады. Егер ол қолын допқа тигізсе, ол допты ұстаған баланың

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: