енде қарақұс ұшып келеді. Барлық балапандар тауықтың қанатынын астына жасырынады.
Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшандыққа баулу, көңілдерін көтеру.
"Ұшты-ұшты"
Педагог балаларға ұшты-ұшты қарлығаш ұшты дегенде балалар қолдарын көтеріп ұшады, педагог ұшты-ұшты орындық ұшты десе отыра қалады.
Мақсаты: Аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту, қимыл қозғалыстарын жетілдіру
"Не жедім, тауып ал"
Дидактикалық мақсат:
Анализатор арқылы затты табу.
Ойын әрекеті.
Дәм сезу анализаторы арқылы шешімін табу.
Шарты: Көз жұмып ауызға салған затты шайнап не екенін анықтау.
Керекті құралдар:
Тәрбиеші әр түрлі дәмдегі көкөністер мен жемістерді алу. Оларды жуу. Тазалағаннан кейін ұсақ бөлшектерге бөлу. Салыстыруға балалардың үстелдеріне қою.
Ойын барысы. Тәрбиеші көкөністермен жемістерді бір балаға дәмін таттырып көзін жұмғызып "жақсылап шайнап қандай жеміс көкөніс екенін тауып айт". Балалар орындағаннан кейін тәрбиеші жемістермен сый көрсетеді.
Тақырыбы: "Хан талапай"
Ойынның мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойынға қызығушылығын арттыру.
Ойынның шарты:
Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін алып қызыл түске бояңдар. Осы асық "хан" болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Сендер "ханның" қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер "хан" бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала "ханның" түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере-ыршытып біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады.
Кер
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>