"Халқын сүйген, халқы сүйетін ақын" атты мәнерлеп оқу сайысы .
Мақсаты:
Білімділік: тәрбиеленушілер қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен нақыл сөздерімен таныстырып өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;
Дамытушылық: тәрбиеленушілердің дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тәрбиеленушілерді адамгершілікке, адалдыққа,талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Мәнерлеп оқу сайысы ІІ турдан тұрады І тур екі кезеңнен тұрады: 1-кезең "Абай әлемі" Яғни, бұл кезеңде ақын өмірінен берілген сұрақтарға жауап бересіңдер 2-кезең "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып,жатқа орындауы тиіс. ІІ тур 3-кезең "Жыр жазамын Абайдың үлгісімен" шығармашылық кезең деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар өлең шығарып келуі керек болатын. Өлеңдерін оқиды. 4-кезең "Абай айтқан асылдар" бұл кезеңде сайыскерлер берілген нақыл сөздердің жалғасын табады. Сайыс белгіленген кезеңдері бойынша өз мәресіне жеткен соң, сайыс жеңімпазын анықталып, марапатталды.
Өтілу барысы: Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар! Ақыл-ой ақындықтың киесі-Абай! Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай! Адалдық, ар ұяттың данышпаны "Өлең-сөздің патшасы" иесі Абай!, демекші бүгінгі өткізгелі отырған "Халқын сүйген, халқы сүйетін ақын" атты мәнерлеп оқу сайысымызға Қош келдіңіздер! Абай-қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, абай жо
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>