і тұтып бәйтеректей алыпты, Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ қайдасың, Өлеңдер оқып өзіңді бір танытшы-дей отырып, сайысымыздың "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. . . " деп аталатын келесі кезеңге бастайық. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз өздерінің жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айтады. 1-жүргізуші Әннің де естісі бар, есері бар Тыңдаушының құлағын кесері бар Ақылдының сөзіндей ойлы,күйлі, Тыңдағанда көңілдің әсері бар- деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әнге береміз. Ән "Желсіз түнде жарық ай" Орындайтын: 2-жүргізуші Сайысымызыдың 3 кезеңі "Жыр жазамын Абайдың үлгісімен" шығармашылық кезеңі. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін Жоқ барды, ертегіні термек үшін, Көкірегі сезімді,тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,- деп Абай атамыз жырлағандай, өзі салған өрнекті өлең үлгісімен бүгінгі ұрпақтарға өлең шумақтарын құрастырып келген болатын. Олай болса сол өлеңдерін оқуға оқушыларымызды шақырамыз. 1-жүргізуші: Асыл сөзді іздесең, Абай оқы ,ерінбе! Адамдықты көздесең Жаттап тоқы көңілге,-деп С. Торайғыров жырлағандай, сайысымыздың ең соңғы кезеңі "Абай айтқан асылдар" деп аталатын 4-ші кезеңімізді бастаймыз. Яғни, бұл кезеңімізде сайыскерлеріміз нақыл сөздердің жалғасын табады.
1. Сенде бір кірпіш дүниеге "Кетігін тап та , бар қалан)
2. Білімдіден шыққан сөз (Талаптыға болсын кез)
3. Атаның баласы болма, (Адамның баласы бол)
4. Талап ,еңбек, терең ой (Қанағат рахым,ойлап қой)
5. Досы жоқпен сырлас (Досы көппен сыйлас)
6. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті(ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)
7. Өткірдің жүзі,кестенің бізі (Өрнегін сендей сала алмас)
8. Толғауы тоқсан қызыл тіл (Сөйлеймін десең өзің біл)
9. Еңбек қылсаң ерінбей (Тояды қарның тіленбей)
10. Әсемпаз болма әрнеге (Өнерпез бо
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>