ы жағып шығып, (бірнеше қабат) сонан кейін жалпақ қылқаламмен немесе мақтамен үстіңгі бетін тушьпен біртекті етіп жағылады. Тушьтың, майлы балауыздың бетке толық жағылуын қадағалаймыз. Тушьпен қара өңдік қабаттар жағылған соң, өткір затпен ине немесе пышақ, тоқыма біздерімен тырналап бейне сурет салынады. Қара өңде жіңішке нәзік қағыстар (штрихтар) беріліп, нәтижесінде бейне бір жеңіл жұмбақ күйінде көрінеді. Яғни қара өңде әсерлі ақ бейнелер пайда болады.
Бүгінгі шебер-кластың графикалық жұмыстарын ендігі тәсіл сия бояуларын қолдана отырып жұмыс жасаймыз. Сия бояулары алғашында ежелгі мысырлықтар қолданды. Біздің дәуірге дейін олар жазба үшін папирус тамырының күлі мен камеди ерітіндісінің /қараған мен шиенің қою шырыны/ қоспасын пайдаланды. Осындай құрам Қытайда 2,5 мың жыл бұрын қолданды. Қытайлық сиялар сілтелерде ерітілген күйе мен шайырдың қоспасы болды. Осы сиялардың құпиясын 1876 жылы химик К. Б. Шелле ашты. Ол қандыағаш тамырларын қайнатқан кезде суға темір қышқылды темірлі тұздар беретін тері илейтін қышқылдар қосылатынын анықтады. Ерітіндінің бояуы аз, бірақ кепкен кезде темір қышқылданады және қараяды. Суда ерімейтін және жарыққа тұрақты темірдің тотығы пайда болады. Қазіргі таңда өнеркәсіп жаңғақты сиялар өндірмейді, бірақ қауырсынмен жұмыс істейтін кейбір графиктер бұл сияларды өздері жасайды. Алайда бұл сиялардың кемшілігі болды: жазылғанды тек 10-12 сағаттан кейін оқуға болатын, ал оған дейін мәтін түссіз болатын. 1885 жылы саксондық мұғалім Леонгарди ализаринді сиялар ойлап тапты. Олар да галлды болды, тек түссіз - лайлы емес, қарқынды -жасыл болды. Қағаз бетінде олар таза қара түске айналады.
Соңғы кездері түрлі -түсті сиялар мен сабынның көбігі қолданатын сурет тәсілі өте танымал болып жатыр. Бұл тәсіл кәдімгі ас тұзын қолдана отырып, қосы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>