Графика және оның түрлері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ынған тақтаны, сондай- ақ одан алынған басылымды айтады. Оның түрлері өте көп, алайда басты түрлері мынадай:
1) офорт - металл бетіне жасалған гравюра;
2) ксилография - ағашқа жасалған гравюра;
3) линогравюра - линолиум бетіне жасалған гравюра;
4) литография - тас бетіне жасалған гравюра;
Металл бетіндегі гравюра – офорт. Металл бетіндегі гравюраның орындалу техникасы екі түрде болады. Олар: қышқылмен өңделіп жасалатын және қышқылмен өңделмей жасалатын түрлер. Ксилография -бұл графиканың ағашқа жасалған түрі (грекше xylon - кесілген ағаш, grapho –жазамын) деп атайды. Гравюра қатты да серпімді ағаш кесіндісіне ойылып жасалады. Бұл гравюра штихель деп аталатын құрал көмегімен орындалады. Жұмыс кезеңі ұзақ уақыт жүріп төзімділікті талап етеді.
Литография – арнаулы әк таста салынған гравюра түрі. Алдымен тас беті мұқият тегістеледі, содан кейін оған қою жұғатын литография қарындашымен не тушьпен сурет салады. Одан кейін сурет сүртіліп кетпейтіндей етіп; арнайы ерітіндімен шайылып өңделеді. Линогравюра дегеніміз линолиум пайдалану арқылы орындалған гравюра түрі. Мұнда таза ленолиум бетіне дайындалған сурет салынып, штихель деген құралмен гравер жасалып, кейін баспа түрінде арнайы бояу көмегімен баспа жұмысы алынады.
Ақ қағаз бетінде графикалық жұмыс беру үшін сурет салудың, әсіресе кез келген дақ пен қағаз бетіне түскен өң ерекше маңызды. Осы дағдылар арқылы қағаз
бетінде жай ғана графиканың түрлі бейнелерін құрастыруға болады. Ақ бетте қара дақ, сызық арқылы бейне көрсетіледі, көбіне графиканы қара ақ сурет деп те атайды. Алайда бұл қате түсінік. Графика кейде түсті өңде де болып келеді. Графика мен кескіндеменің шекарасы өте өткір жылжымалы келеді. Мысалға, акварель, пастель, кейде гуашь бояу құралы да бейнелеудің ерекшелігіне байлан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: