Графика және оның түрлері

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

мша әсерге қол жеткізуге болатынымен қызық.

Тәжірибелік жұмысты жасамас бұрын алдымен негізгі мақсаттарын айталық:
- алдымен жұмыс орнын дайындау: құрал бояуларды т. с. с;
- белгілі бір тақырып бойынша қағаз бетінде бейне құруға тырысу;
- көркемөнер құралдарын пайдаланып, жұмысты тиянақты жасау.
- граттаж тәсілінде жұмысты ұқыпты орындау.
Ескерту: қара бояумен жұмыс жасау кезеңінде өте мұқият болуды талап етіледі. Сонымен бірге қылқаламдарды қолданған кезінде заттың не суреттің пішініне байланысты боямалау ұсынылады.
Тәжірибелік жұмыс
Граттаж техникасы.
Граттаж техникасында графикалық жұмысты орындап көрелік.
Тәжірибелік жұмыс үшін бізге алдымен қажетті құралдар: жылтыр бет қағаз (фото қағаз), қылқаламдар, қолсүрткіш, пинен 4 еріткіші, орташа мастихин құралы керек болады.
1. Типографтық қара бояуды бояу құятын ыдыстарда пинен 4 ерітіндісі, немесе зығыр майымен араластыра ерітіп дайындаймыз.
2. Ерітілген бояуды жалпақ қылқалам көмегімен қағаз бетіне кез келген шығармашық бейне түсіреміз. Кей жағдайда бейнеге құрғақ қылқалам да қажет болады. Қағаз бетіндегі қара бояу жағылғаннан кейін, оны жіңішке қылқаламмен суретті өңдейміз.
4. Келесі кезеңде 2, немес 3 мастихин көмегімен тырналау арқылы бейнелеуді түрлендіреміз.
5. Осылайша граттаждық графика жұмысын аяқтап, дайын жұмысты кептіруге қалдырамыз.
Сия бояуларымен тәжірибелік жұмыс.
Сия бояуымен жұмыс жүргізу өте ұқыптылық пен тиянақтылықты қажет етеді. Қажетті құралдар: А 3 көлемді қатты қағаз, қара не көк сия бояуы, қылқаламдар (орташа топтағы колонок), суқұйғыш ыдыс, тамшылатқыш (пипетка) және қолсүрткіш.
1. Қағаз бетіне қарындаш көмегімен жеңіл етіп бейне түсіреміз.
2. Түскен бейнені алдымен сумен қылқалам арқылы боямалаймыз. <

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: