;Жол әліппесі"
Мақсаты: Тыйым салынатын, ұйғаратын, ескертетін, ақпараттық-сілтемелер бар түрлері бойынша жүйелеу, жол белгілері бойынша дұрыс жүру туралы білімдерін бекіту.
Қолданатын көрнекіліктер: Жол жағдайлары бар карточкалар, жол белгілері.
Ойын барысы: Балалар өздеріне карточкаларды таңдайды. Жүргізуші қолындағы белгілерді кезекпен көрсетеді. Кімнің қолында керек карточка болса сол өз таңдауын дәлелдейді.
"Бағдаршам және реттеуші"
Мақсаты: Балалардың реттеуші жұмысы туралы білімдерін анықтау; оның ымдарының мәнін түсіндіру; балаларды реттеушінің ымдары мен бағдаршам түстерімен ара қатынасын белгілеуге үйрету.
Қолданылатын көрнекіліктер: Реттеуші, реттеушінің такяқшасы, бағдаршамның белгілері.
Ойын барысы: Тәрбиешінің түсіндіргенінен кейін балалар реттеушінің рөліне тұрып, ымдарын көрсетеді. Қалғандары реттеушінің ымдарына қарай бағдаршамның керекті түстерін көрсетеді.
"Жол белгілері"
Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы балалардың білімдерін бекіту; белгілі жол белгілерін еске түсіру; жаңа ұғымдармен таныстыру: "шлагбаумсыз теміржол пойызы", "қауіпсіз аралшығы".
Қолданылатын көрнекіліктер: Жол белгілері.
Ойын барысы: Кім жол белгісі туралы жұмбақты шешсе, сол, сол белгіні алады. Кім белгілерді көп жинаса сол жеңімпаз.
"Біл және көшеде жүру ережесін орында"
Мақсаты: Балалармен көшеде жүру ережелерін бекіту; бағдаршамның мағынасын қайталау.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қала көшелері сапатталған суреттер.
Ойын барысы: Тақтада адамдар әр түрлі жағдайда тұрған суреттер
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>