/>
"Сөйлейтін жол белгілері"
Мақсаты: Жол белгілері бойынша балаларды жүруге үйрету, жол ережесін сақтау, бір-біріне мұқият болу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Жол белгілері қойылған, әр ойын алаңы машиналар ойын кейіпкерлері.
Ойын барысы: Әр баланың алдында жол тұр, әр балаға тапсырмалар беріліп тұр; бірде-бір белгіні назардан өткізбей, барлық ережелерді сақтай отырып, аталған бекетке дейін жету.
"Кесілген белгілер"
Мақсаты: Жол белгілерін ажырату қабілетін дамыту, жол белгілерінің атауын бекіту; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, көз мөлшері.
Қолданылатын көрнекіліктер: Кесілген белгілер, белгілердің үлгілері.
Ойын барысы: Ең алдымен балаға қандай жол жүру белгілерін білетінің есіне түсіреді; содан соң үлгі бойынша кесілген белгілерді жинауға ұсынады. Егер де бала оны тез шешіп отырса, оған есте сақтау арқылы жинауға ұсынады.
"Белгілерді сәйкестендір"
Мақсаты: Мағынасы бойынша жол белгілерін салыстыруды балаларға үйрету; балалардың бақылау қабілетін дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Түсі, пішіні жағынан ажыратылатын белгіледің үлгілері суреттелген карточкалар; маңыздылығы әр түрлі және түрлі жол белгілері.
Ойын барысы: Әр баланың алдында белгілердің үлгілері суреттелген карточкалар жатыр, балаға басқа үлгіге басқа түсі, пішіні жағынан келетін белгілер тандау керек, содан соң карточкадағы белгілердің мәнін түсіндіру қажет.
"Мен сауатты жүргіншімен"
Мақсаты: Балаларды жолда болған жағдайларды талдауға үйрету; қала көшелерінде жүру қауіпсіздігінің тәжірибесін бекіту; ой-өрісін, назарын, б
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>