не қардырады. Содан кейін жүргізуші 1 карточканы алып мәтінді оқиды. Оқылған мәтін бойынша жол белгісімен карточка бар ойыншы үстелдің ортасына қояды. Егерде сандар сәйкес келсе, ойыншы карточкаларды өзіне алады. Жеңімпаз жүргізуші куәлігі карточкасын алады.
" Автомектеп"
Мақсаты: Балалардың көшелерден өту ережесін бекіту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ойың алаңы, фишкалар, белгілер бар карточкалар.
Ойын барысы:Ойыншылар кезекпен текше лақтырады және ойын алаңы бойынша жүреді, жүргінші жолы алдында сары дөнгелекте тоқталып басқа бағыттағы қатысушыға беру керек. Тоқталу, жолдағы көлік кедергі болмау үшін, жүргінші алдымен солға,содан кейін оңға қарау үшін керек. Кім алдыға қарай бірнеше аттам жасап, сары дөнгелекте тоқталмаса,сол қайтадан бастаған жеріне оралады.
"Дұрыс па? Бұрыс па?"
Мақсаты: Балаларға жүріс-тұрыс қағидасының қауіпсіздігін және жол белгілерін бекітіу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ойын алаңы, жол жүру белгілері.
Ойын барысы: Балалар суретте кейіпкерлерді қойып, кім дұрыс, кім бұрыс істеп жатқанын айтып береді. Кім кейіпкердің қылығын дұрыс суреттеп берсе сол жеңімпаз болып шығады.
"Біз жолаушымыз"
Мақсаты: Біз кейде жолаушылар болатынымыз туралы балалардың білімдерін нақтылап алу; көлікке міну және одан түсу ережесін бекіту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Жол жағдайлары бар суреттер.
Ойын барысы: Балалар бір-бір суреттен алып, не бейнеленгенін, сол жағдайдан қалай шығуға болатынын айтып береді.
"
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>