арызы 6 айдың ішінде сот органдарына немесе арбитражға беріледі: тасымалдау жоспарының орындалмағаны үшін – айыппұл төленетін мерзімі біткенде 5 күннен кейін, басқа жағдайлардың барлығында – арыз жазуға себеп болған оқиға күнінен бастап.
Жол талаптарын қарастыру мен берілуінің тәртібін Жарғы емес, азаматтық арбитражды процестің жалпы нормалары қарастырады.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабы тауар кеңсесінде, жіберушілер мен қабылдаушылар үшін оңай жерге қойылады; оның орналасқан жері жазылған хабарландыру ілінеді. Кітап азаматтардың талап етуімен дереу берілуі тиіс. Шағымдарды 3 күннің ішінде өкілетті адам қарастырып, шағымданушы адамға нәтижелерін хабарлайды. Егер шағымданушы нәтижелермен келіспесе, ол темір жол көлігінің жоғары тұрған органдарына шағымдануға құқылы. Олар шағымды қарастырып, қолданылған шаралар жөнінде шағымданушыға 1 айдан кешіктірмей хабарлауы тиіс.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабына шағым жазған адамның қажетті жағдайларда арыз жазуына да құқығы бар (Жарғының 17-бабы).
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жүктерді іздестіру және іздестіру жеделхаттарын, оларға жауапты жіберу тәртібі.
2. Темір жолға арыз беру құқығы.
15-дәріс. Коммерциялық және жүктік есептеу станцияны тексеру.
Дәріс мазмұны:
Станцияның коммерциялық есептеуін жүргізудің нұсқауы.
Вагонға тиеулі және жіберілуге алынған жүк туралы есептер.
Алғашқы санақтық құжат және есептеу көліктің және экономикалық нәтижелерді қаржылық біріктіруде мағлұмат берудің негізгі көзі болып табылады.
Барлық санақ операциялары қатаң және қатаң емес санақ бланкаларында толтырылады. Қатаң санақ бланкаларына жатады:
- жол ведомостілері
- қайта жіберілетін ведомость
- қайта жіберілетін құжат
- түрлі жиынның кв
Страницы: << < 32 | 33 | 34 | 35 | 36 > >>