Жүктерді тасымалдау және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

рталықтандырылған есептеулердің технологиясын іске асыру, сонымен қатар еңбекті және алдыңғы қатарлы әдістерді ғылыми ұйымдастыру.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жалпыға пайдалану орындарында жүкті қабылдау қалай іске асырылады?
2. Жүктің салмағын анықтау реті.
3. Жүкті жіберуге қабылдау кітабына енгізудің реті.
4,5-дәріс. Тауар кеңселерінде тасымалдауды дайындау.
Дәріс мазмұны:
Жүкті тасымалдауға төлеу.
Жүкті тасымалдауға қабылдау.
Тауар кеңселерінде вагон жүктемелерінің техникалық нормасының сақталуына көңіл аудара отырып және жүктемені тексерген аға қабылдап өткізушінің белгілеуіне көңіл аудара отырып, көрсетілген жүк құжатына қарап жүкті қабылдаудың дұрыс безендірілуін тексереді. Содан соң төлемдерді және жинақтарды анықтайды, құжатқа қажетті мәліметтерді енгізеді және жолдық ведомосттарды құрады. Жүкті тасымалдау үшін төлемақыны жүкті тасымалдауға жіберу кезінде жүкжіберуші жіберу станциясында төлейді. Жүкті өткізу кезінде жіберуші төлемақыны өткізбесе әрбір төленбеген күн үшін соманың 1 проценті көлемінде айыппұл алынады; жүкті теміржолмен жіберу төлемақы төленгенге дейін тоқтап тұрады.
Жүкжіберушулердің темір жолмен орындалатын жүкті тасымалдау ақысы, жүкті шығарып салушы жолсеріктердің жолақысы, теміржолдың құрылғыларымен орындалатын тиеу және өлшеу және т. б. операциялар ақысы жіберу станцияларына қолма қол ақшалай, МЕМ банк чектері арқылы төленеді.
Станциялармен үнемі есептесулері бар кәсіпорындар және ұйымдардың жүктерін тасымалдауды төлеу үшін, банктер шектелген немесе шектелмеген чек кітапшаларын береді.
Жіберушінің тапсырысы бойынша жіберу станцияларынан жүкті тасымалдау үшін есептесулерді Көліктік-экспедициялық ұйымдар атқарады.
Қазіргі уақытта жүкті тасымалдауда негізгі формасы орталықта

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: