алуы міндеттеледі: вагондарды және поездарды коммерциялық тексеру, құжатсыз жүктерді ресімдеу, сақталмаған тасымалдардың тексеру материалдарын, коммерциялық актіні қарау және толтыру, оларға қосымшалар дайындау.
Тауар кассирі көптеген жүк жөнелтушілерге және қабылдаушыларға қызмет көрстетеді, жүктердің тасымалына қабылданған өтініштердің станция бойынша және әр бір жүк жөнелтуші үшін орындалуына қатысады.
Тауар кассирінің міндеттеріне кіреді: жүк жөнелтушілердің жүк тасымалына берген өтініштерін есепке алу; жөнелтілетін және қабылданған жүктерге тасымал құжаттарын ресімдеу; контейнерлерді және вагондарды пайдаланғандары үшін алымдарды, жүктердің тасымалына төлем ақыларды есептеу; жүк жөнелтушілермен және қабылдаушылармен есептесу, қолма-қол ақшаны қабылдау; тиелген вагондардың есебін жасау; Станция технология орталығына (СТЦ) және тасымал құжаттарын өңдеу бойынша технологиялық орталыққа (ТехПД) немесе ТехПД біріктірілген көліктік қызмет көрсету фирмаларының аймақтық агенстваларына (РАФТО) беру үшін құжаттарды жинастыру; жүктердің кедендік ресімделуін тексеру, жүктердің мекен жайын өзгертуді ресімдеу және басқа операциялар
Есептеулерге арналған тауар кеңселері.
Негізгі міндеті: жүкті тасымалдаудағы тасымалдау төлемін анықтау және тасымалдаумен байланысқан қызмет үшін қосымша жинақ, кәсіпорындармен, ұйымдармен тасымалдау үшін Госбанк арқылы есептесу, тасымалдаудан түскен түсімнің толықтығын қамтамасыз ету, станциялардағы тасымалдау құжаттарының дұрыс жасалынылуын тексеру, жолдық ведомостардың және тасымалдау құжаттарының комплекттерінің шығынын есепке алу, жолдық машиналық-санау станциялары және қаржылық қызметтің көрсетілген есеп беру құжаттарын уақытында алу, операцияларды механизациялау және автоматизациялаудың жаңа құрылғыларын пайдалану негізінде о
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>