ліктік маркировкасында жатады.
Жүктің жеке түрлеріне жіберуші, оны тиеу- түсіру жұмыстары кезінде және сақтауда қасиеттерін көрсететін арнайы манипуляциялық белгілерді қою керек. Мысалы: «Байқаңыз», «Не кантовать», «Жоғары» т. с. с.
Жалпыға пайдалану орындарында(станциялық қоймаларда және алаңдарда) жүкті тасымалдауға қабылдау, жүкті станцияға әкелуге рұхсаты қойылған алдын ала толтырылған құжат(накладной) бойынша жүргізіледі. Әкелу рұхсатын тексере отырып, қабылдаптапсырушы жүкті жіберушінің көрсеткен жүгі, орындар саны және сыртқы орамының тегі құжатта көрсетілгендермен сәйкестігіне көз жеткізуі керек. Сыртына қарап тексеруде ыдысында немесе орамында, жүктің сақталуын қамтамасыз ете алмайтын, жеткіліксіздіктер болса, онда қабылдаптапсырушы ол жеткіліксіздіктердің жойылуын талап етуі керек немесе тасымалдауға болмайтын (нетранпортабельный) жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тарту керек.
Ыдыстардағы және бөлектенген(штучных) жүктерді қабылдауда, жүкжіберушінің құжатта олардың салмағы және оны анықтау тәсілдерінің көрсетілуін, қабылдаптапсырушы тексеруге міндетті. Жүктің салмағын салмақ өлшеуіштерде өлшеп немесе трафарет бойынша немесе стандарт бойынша жүк орындарындағы салмағын есептеу арқылы анықтайды. Егер жүктің салмағы трафарет бойынша есептеумен анықталған болса, онда оның дұрыс анықталғанына және мұндай трафареттердің жүк орындарында бар екендігіне көз жеткізу керек.
Жүкті және оның орамын тексерумен бірге оның көліктік маркировкасын тексеру керек. Тасымалдауға қабылданған жүкті қабылдапөткізуші жүкті жіберуге қабылдау кітабына жазады(форма ГУ-34).
Әрбір 100м үшін 0,25 мин және операция үшін плюс 2 мин
8-сурет. Станция қоймасына жүкті қабылдаудың графигі.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жүкті жіберуге қабылдау процесіні
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>