Жүктерді тасымалдау және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

латын орындық; 4- кеңсе шкафы; 5- есептеу- пернелік машина; 6- телефон; 7- кестелеге төсеніш.
Тауар кассирінің және жүктерді қабылдап-жөнелтушінің негізгі міндеттері
жүк және коммерциялық жұмыс шаруашылығында тауар кассирінің және жүкті қабылдап-жөнелтушінің жұмысы ең негізгі және жұмысы ең көп болып табылады. Олар тасымал процессінің бастапқы және соңғы операциялар кезінде жүк жөнелтушілермен және қабылдаушылармен қарым қатынаста болады. Тауар кассирінің және қабылдап-жөнелтушінің нақты және сапалы міндетін орындауынан жүктің сақталып және уақтылы жеткізілуі, жүктердің тасымалына алынаиын төлем ақылар уақтылы және толық төленуі, жүк және коммерциялық операциялардың орындалуын автоматтандыру, жүк операцияларында вагондардың тұру уақытының орындалуы, жылжымалы құрамды тиімді пайдалану, қауіпсіздік техникасын және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымал ақысын және алымдарды есептеудің дәлдігі, темір жол көлігіндегі қызмет көрсетуін пайдалануда жүк жөнелтушілерді және қабылдаушыларды тарту.
Қабылдап-жөнелтушілерге негізгі жүк және коммерциялық операциялардың орындалуы міндеттелген: қабылдауды ұйымдастыру, өлшеу, тиеу, сұрыптау, қайта тиеу, түсіру, темір жолда тасымалданатын жүктерді сақтау және жүктерді беру; жүктерді (автоколік кәсіпорындарынан) порттардан қабылдау және тапсыру; порттың немесе жүк жөнелтушінің (қабылдаушының) құрылғыларымен тиелетін немесе түсірілетін вагондарды, коммерциялық мағынада жүк тиелген және бос вагондарды, контейнерлерді қабылдау және тапсыру; темір жол кірме жолдарында немесе тиеу-түсіру операцияларындағы вагондардың болу уақытын есепке алу, ПЭВМ жүргізілген операцияларды енгізу.
Станция жұмысының жергілікті жағдайларынан және ерекшеліктерінен қабылдап-жөнелтушіге басқада коммерциялық операциялардың орынд

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: