Технологиялық карта
Ересек топ
Күні
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».
Тақырыбы: Жемістер
Мақсаты: жемістердің бақта өсетіні туралы түсінік беру; «Ойыншықтарға жеміс сыйлайық» ойынын ойнату арқылы сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Фонетикалық жаттығулар арқылы қазақ тіліне тән ү, ұ, ө, і, ә, дыбыстарын және жеміс аттарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Сыпайылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: қайталауға арналған күз мезгілі бейнеленген сюжетті сурет, жемістердің муляждары, ойыншықтар.
Билингвалдық карта: жемістер-фрукты, пісті-созрели, алма- яблоко, алмұрт- груша, өрік-абрикос, шие-вишня, шабдалы – персик, жеді- кушает, қышқыл-кислый, тәтті-сладкий.
Іс-әрекет кезеңдеріПедагогтің іс-әрекетіБалалардың іс - әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылықЖылулық шеңбері
Қайталау
Күз мезгілі бейнеленген суретті көрсетіп, сұрақтар қояды:
-Жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын ата.
Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру-
іздестіруЖаңа тақырып
Жемістердің муляждарын көрсете отырып, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді:
-Күзде жемістер піседі. Жемістер – алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы. Алма тәтті.
Шие қышқыл.
Жеміс аттарын, «қышқыл, тәтті» сөздерін қайталатады.
Фонетикалық жаттығу
Ті, ті, ті –тәтті
Ік, ік, ік -өрік
Ұрт, ұрт, ұрт –алмұрт
Сергіту жаттығуы
Тербелді ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар.
Үлкен болып өседі.
«Ойыншықтарға жеміс сыйлайық»
дидактикалық ойыны
Үстел үстіне ойыншықтарды – аю, қуыршақ, түлкі, бота, қояндарды тізіп қояды. Бір шетке себеттегі жемістердің муляждарын қояды
-Айсұлудың қуыршағы өрік жеймін дейді.
«Айсұлу, өрік ал» сөйлемінің мағынас
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>