іреді.
Ұйымдастыру-
іздестіруЖаңа тақырып
Әжені (қуыршақ немесе сурет) көрсетіп:
-Әже сендерге жидектер алып келіпті, - деп, қорапшадан жидектердің муляждарын бір-бірлеп шығарып, олардың қазақ тіліндегі аттарын қайталатады.
Кел, сөйлесейік
-Балалар, келіңдер, әжеден сөздерді дұрыс айтып, жидектерді сұрап алайық.
Әженің орнына өзі «Таңқурай (құлпынай, т. б. ) ала ғой» деп, қалаған жидектерін береді.
Балалардың бәрі алып болған соң оларды бір-бірімен сөйлестіреді.
«Сенде не бар?», «Сен не жедің?», «Құлпынай тәтті ме?» сұрақтарын және бұл сұрақтарға дұрыс жауап беруді естеріне түсіреді.
Сергіту сәтті
Дәптермен жұмыс
Суретті боятып,сызба бойынша сөйлем құратады. Әжемен сәлемдеседі, қорапшадағы жидектерге қызығушылық танытады.
Жидектерді қазақ тілінде атайды.
Әжеге жақындап:
-Әже, маған жүзім беріңізші,-деп қалаған жидектерін сұрайды. Рақмет айтып, орнына отырады. Қолдарындағы жидек муляждары бойынша бір-бірімен сөйлеседі:
-Сенде не бар?
-Менде қарақат бар
-Қарақат тәтті ме?
-Жоқ, қарақат қышқыл.
Суретті бояйды, сөйлем құрап айтады.
Рефлексивті-
түзетушілікҚорыту
Әженің атынан балаларды мадақтайды.
Әжеге рақмет айтып, қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу кере: жидектерді қазақ тілінде дұрыс атауды.
Нені игереді: қысқаша сөйлемдер құрай отырып, бір-бірімен сөйлесуді.
Нені біледі: сыпайы болуды, қазақ тіліндегі сыпайылық сөздерін.
Страницы: << < 5 | 6 | 7