айланыста талдануымен маңызды. Ақпараттық мақаланың мақсаты - оқиғаларды жедел хабарлау емес,әлеуметтік маңызы бар оқиғалардың мәнін аша отырып хабарлау. Тек хабарлау емес, кең көлемді мақалалар жазу, ақпараттық хабарлар дайындау, ситуацияға қатысушы жаққа қатысты деректер мен дәйектерін зерттеулерді ұсынуы керек.
Мақала - зерттеу. БАҚ туралы заңның қабылдануымен редакциялардың қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларды дербес зерттеу жұмысын жүргізу мүмкіндігі туды. Көп жағдайлармен күрделенген, деректердің жинақталуы мен талдануын, мол құжаттардың зерттелуін, үлкен көлемдегі түрлі қалалар мен тіпті мемлекеттерде адамдардан сұхбат алуды талап ететін жағдайлары жөнінде сөз қозғалып жатыр. Сонымен бірге, осындай жұмысты кейде қысқа мерзімде өткізуге болады. Әрине, бір журналист кәдімгі мақаламен жұмыс істеу шеңберіңде осьшдай жұмысты атқаруы мүмкін емес. Осы кезде сараптамалық орталық (немесе сараптамалық топ) іске кіріседі. Ақпараттың жинақталу мен талдану нәтижесі мақала- зерттеу немесе осыған ұқсас мақалалардың сериясы болуы мүмкін.
Мақала-зерттеу - жан-жақты, кешенді, ағымдағы өмір, өткен жылдардағы қоғамдық маңызы бар оқиғаны зерттеуге негізделген мақала түрі. Мақала-зерттеудің тақырыбы редакция пікірінше ресми органдар мен жеке БАҚ-нан толық емес жэне қате жария етілу салдарынан көбірек объективті, терең, мүқият қарастырылуға тиіс оқиғалар болуы мүмкін. Сонымен қатар, сөз көп жылдық тарихы бар оқиғалар жөнінде болуы да ықтимал. Мұндай мақалалардың мақсаты - шындықты айтуға талпыныс, әділдікті қалпына келтіру.
Мақала-зерттеудің авторы - авторлар тобы немесе ұжымдық зерттеуді пайдаланатын бір журналист те бола алады. Дегенмен, осындай мақалалар кейде авторы көрсетілмей, редакциялық болып беріледі.
Ең бір көрнекі мақала-зерттеуге мысал ретінде, бірнеше
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>