аларын өкілдер ықыласпен тыңдап, бір ауыздан қабыл алды. . . " деген хабардан не ұғуға болады. Бұл сияқты хабарды екі тілшіміздің бірі жазып жүр. Бұдан былай өз хабарына өзі сыншы болып, анау алты сұраудың қайсысы жауапсыз қалды, соны түгендеп жазуға әдеттену, ашып айтқанда әңгіменің бетін, қабығын жазбай, дәнін, маңызын жазу керек.
27. 10. 2016
27. 10. 2016
Сабақтың тақырыбы : Тілші мен аудитория
Сабақтың мақсаты : Аудиториямен дұрыс байланыс орната білу шеберлігі көпшілік алдында сөйлесуге күнделікті дайындық. Сөйлеу техникасын меңгеру, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Көпшілік алдында сөйлеудің әдістемесін меңгеру.
Сабақтың барысы :
Қызығушылықты ояту. Балалар жалпы біздің бағдарламамыз "Тілші және аудитория" болғандықтан бүгінгі сабағымызды тағы "Журналистер" жайлы ақпараттарға тоқтала кетсек, Журналист деген кім? Оның қандай жақсы жақтары бар? Араларыңда тілші болғыларың келетіндерің бар ма? Журналист болу үшін қандай жағынан мықты болу керек? Сонымен ең негізгісі жазу процесі кезеңінде қандай бағдарламамен жұмыс жасап келеміз? Осы жайлы білетінімізді жазамыз. Әр топ мәтіндік процессор жайлы не білетіндерін жазады бір түспен, жобаларын қорғайды.
Диктор болу үшін, дауыс ырғағың, сөздерің анық, дикцияң өте жақсы болу керек. Тілші болуға әдебиетті жақсы көруден басқа, сол мамандыққа икемің, сауатың, талабың болу керек. Тілші болу үшін - Қазақ әдебиетін, тілін, тарихын, мәдениетін жақсы білу керек.
Страницы: << < 19 | 20 | 21