ыс белгілерін қоймаңыз. Бұл сіздің сөздік қорыңыздың аз екендігін көрсетеді. Мысалы, осыны мынаған ұқсатуға болады, пікірталаста өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын адам дауыс көтере бастайды, осы арқылы өзінің айтқан сөздері дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатында.
14. Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығып, бүкіл қате кеткен жерлерді түзетіп алуды ұмытпаңыз.
15. Соңында дәлелі жоқ пікірлерді жазбаңыз, қорытынды шығарғанда оны дәлелдеу керек.
Дәріс.
Бас мақала. Газет пен журналдың кезекті санының алғашқы беті қоғамның ең маңызды мәселесіне арналады. Бұрын Кеңестер Одагының Коммунистік партиясы "қоғамның басқарушы, бағыттаушы күші" болғандықтан, орталық органның газеті "Социалистік Қазақстанның" әр санында шеткі, сол жағына басмақала жарияланып тұрды.
Бас мақала сол жылдардағы қоғамның саясат, экономика, қоғамдық саясат, экономика, қоғамдық қатынастар, мәдениет, заң, адамгершілік т. б. аясына арналады. Кейде сондай макалалар қоғамдық мекемені басқаруга арналған зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерді шешуге арналғанымен, қоғамдық пікір туғызған жағдайлар да кездесіп отырған. 1980-ші жылдардың облыстық және республикалық газеттердің алғашқы бетінде басмақала жазуды үрдіске айналдырған.
Кейіннен бұл жанрдың қоғамдық маңызы жойылып, қайта құру жылдары газет беттерінен алынды. Дегенмен, жанрдың шындық бағасынан гөрі, күні біткен қоғамның ескірген тәртібі басмақала арқылы оқырмандардың наразылығын туғызды. Осы жанр арқылы редакция өткен жағдайларға талдау жасап, өзінің іс-әрекеттерінің (тоқсандық, жылдық, бесжылдық т. б. ) қорытындысын шығаруға, болашақтың жоспарын құруға пайдаланды.
Журналдардағы басмақала кең көлемде жазылады. Жылдың алгашқы нөмірінде өткен жылдағы оқиғаларға баға беру,
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>