ай бойы басылған Оңтүстік-Кореялық ұшақтың 1983 жылғы қайғылы опат болуьша арналған жарияланымдардың топтамасын алуға болады. Бүкіл әлемдік баспасөзде бұл туралы көп жазған болатын, бірақ кеңес үкіметі, сол кездегі тәуелсіз емес баспасөз әлемдік БАҚ-ның деректері мен ақпараттарында қайшылықтар көп болды. Бұл халықаралық шиеленістің себепшісі болды. Бұл шиеленісті жою үшін аталған оқиғаны қайтадан қарауды қажет етті. Мұнымен "Известия" газетінің сараптамалық орталығы айналысып, көлемді мақала-зерттеу жариялаған болатын.
Бекіту кезеңі : Мақала-зерттеу бұрынғы және қазіргі тарихпен байланысты оқиғалардан басқа, жоғарыда көрсетілген мысалдай әртүрлі себептерге байланысты мәселені қозғауды, оның өңделуін, ақпаратпен қамтамасыз етілуін немесе теорияландыруын талап етпей, оның тергеуін талап ететін деректерге арналуы мүмкін.
Журналист мамандығы туралы мәлімет беру.
Жаңалықтың жаршысы журналист болу оңай емес. Ол үшін еліне адал қызмет ететін қоғам қайраткері, белсенді, коммуникабельді, сауатты жазып-сөйлей алатын, дикциясы анық, ой-өрісі, логикалық ойлау мен талдау қабілеті дамыған, ақпарат көздерімен жұмыс істей алатын, шығармашылық иесі болу керек.
Сондай-ақ журналист заманауи ақпарат құралдарын жетік білуге тиіс. Себебі журналист кез келген тақырыпқа мақала, мәтін, барлық жанрда әдеби шығарма жазады. Қоғамда қордаланған өзекті тақырыпта мәселе көтере біледі.
Өнер, кино, театр істеріне сыншы болады, әртүрлі мамандармен кез келген тақырыпқа сұхбаттаса біледі. Шығармашылық кештерді жүргізеді. Кез келген мезгіл мен ауа райында оқиға болып жатқан жерде репортаждар жүргізеді. Мереке кездерінде басқа адамдар демалып жатқанда, кезекшілікті атқарады.
Кейб
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>