Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

мен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
14. "Жағымды, жағымсыз, даулы" әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған әңгімені немесе мәтінді "жағымды, жағымсыз, даулы" мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.
15. "Суретті әңгімеле" әдісі
Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен жұмыс.
Мақсаты: бір бөлігі берілген сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқызу.
Қажетті материалдар: сериялы суреттер
Сипаттамасы: оқушыларға сурет көрсетіліп, әңгімелетіледі. Қажет болған жағдайда әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі.
Оқушылар өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады. Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.
16. "Неге? Неге? Неге?" әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: