Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13

ушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын "көпір салуға" негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
Келешекте өз тәжірибемде:
1. Оқушылармен үнемі тепе - теңдікті ұстауды, еркіндік беруді.
2. Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіруді
3. Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды
4. Ата - ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты дамытамын.




Страницы: <<  <  11 | 12 | 13
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: