Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13  >  >>

лгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. "Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын" дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. "Мен әлі түсінбей отырмын" дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. "Мен түсінгеніме сенімді емеспін" дегендер қолды бұлғайды. Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.
19. "Бағдаршам"
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. "Не түсіндің?" сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі "Жаңалық ашу" және "Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы" деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқ

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: