оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Осы технология бойынша жұмыс барысындағы өз тәжірибемнен баяндаймын.
5– сыныптан бастап математика пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп оқушыларды қалыптастыра бастадым. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3 деңгейде беріледі. 1 – деңгейдегі тапсырма мемлекеттік – стандарт деңгей, бұны орындауға барлық оқушылар міндетті, 2 – деңгей бірте – бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар құқылы. Ал 3 – деңгей оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, өзіндік пікірін жеткізе алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушылар 3 – деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1 – 2 деңгейді түгелге жуық орындайды да озат оқитын шығады деу артық. 1 – 2 деңгейді түгелге жуық орындайды да озат оқитын оқушылар алға кетеді. Бағалау «балдық» жүйемен жүзеге асырылады. 1 – деңгейді орындаған балаға 5 бал, 2 – деңгейге 10 бал, 3 – деңгейге 15 бал.
Мен өзім оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген мынадай жаңа педагогикалық технологияларды атап кетейін:
-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;
-оза отырып оқыту (С. Лысенкова);
-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);
-тірек- схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);
-саралап оқыту;
-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
-модульдік оқыту (М. Жанпеисованың);
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін оқушының
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>