ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

еген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты жете меңгерту - әр мұғалімнің ең басты міндеті. «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табатын өнер», - деп ғалым
Ж. Аймауытов айтқандай пәннің пәрменділігін арттыруда мұғалімнің ролі зор.
Мұнда тек мұғалімнің біліктілігі мен қабілеті, дарындылығы мен тапқырлығы ғана ескеріліп қоймай сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс – тәсілдері мен педагогикалық технологияларға ден қою керек. Математика пәнін оқыту бағытында: толық меңгерту технологиясы, деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы, модульдеп оқыту технологиясы, программалап оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту технологиясы қолданылады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Осы жағдайларды ескере отырып, профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Бұл технологияда, біріншіден, дамыта оқыту идесын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі.
Әр оқушының кемінде мемлекеттік – стандарт деңгей алуына кепілдік береді. Деңгейлік саралау технологиясы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: