атынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Африканың физикалық картасы
Сабақ түрі: Өткен материалды бекіту сабағы
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдісСабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (3 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (35 мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
V кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.
ІІЕң алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді және қандай мемлекеттер қандай тарихи-географиялық аймаққа кіретінін сұрайды. Сосын балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды.
Балалар мұғалімге кескін карталарын көрсетіп, қандай мемлекеттер қандай тарихи-географиялық аймаққа кіретінін айтады және картадан тарихи-географиялық аймақтары мен мемлекеттерді көрсетеді. Сосын сұрақтарға жауап береді.
ІІІОдан кейін мұғалім оқушыларды топтарға бөліп, 5 топ құрастырады. Әрбір топқа ат береді.
І топ «Географтар»
ІІ топ «Климатологтар»
ІІІ топ « Гидрологтар»
IV топ «Биологтар»
V топ «Этнографтар»
Ойынның бірінші кезегінде мұғалім оқушыларға 10 минут дайындалуға береді. Сосын топ мүшелеріне тарау соңындағы сұрақтарды қояды, сұраққа жауап беруіне байланысты топ ұпай жинайды. Егер топ жауап бере алмайтын болса, онда келесі топқа жауап беріп, ұпай жинауға болады.
Ойынның екінші кезегінде әрбір топ өз мамандықтарына сай ақпарат береді. Ал б
Страницы: << < 93 | 94 | 95 | 96 | 97 > >>