рына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.
Сосын оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттамаларын көрсетеді.
ІІІЕң алдымен мұғалім Солтүстік Африка елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес Африканың солтүстігін алып жатқандығын айтып, бұл аймақты картадан көрсетеді.
Бұдан кейін мұғалім жеке аймақтарды өз беттерінше оқып үйренуге тапсырма береді. Солтүстік Африка аймағына сипаттама берудің жоспарын ұсынады.
1. Шекаралары мен құрамы
2. Аймаққа кіретін мемлекеттер
3. Табиғат жағдайлары
4. Халқы, олардың тұрмыс жағдайлары
5. Шаруашылығы
Одан кейін балаларды топтарға бөліп, әр топқа Солтүстік Африка елдері, Батыс Африка елдері, Шығыс Африка елдері және Оңтүстік Африка елдері тақырыпшаларын бөліп береді. Бұл аймақтарға берілген жоспар бойынша сипаттама беруді ұсынады. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды.
Солтүстік Африка аймағына кіретін мемлекеттерді картадан тауып, көрсетеді.
Оқушылар берілген жоспар бойынша Дүние жүзінің физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Африканың саяси картасы мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, Африканың Солтүстік Африка аймағына сипаттама береді.
Одан кейін балалар топтарға бөлініп, әр топ Солтүстік Африка елдері, Батыс Африка елдері, Шығыс Африка елдері және Оңтүстік Африка елдері тақырыпшаларын оқып, бұл аймақтарға тақырыптық карталар мен оқулық мәтіні пайдаланып, берілген жоспар бойынша сипаттама бере бастайды.
ІVТақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың сипаттамаларын тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.
Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.
1. Кескін картаға Африканың тарихи-географиялық аймақтарын түсіру.
2. Оқул
Страницы: << < 91 | 92 | 93 | 94 | 95 > >>