сымдық құбылыстарға байланыстылығын білу үшін оқушыларға атластағы және оқулықтағы климаттық карталар бойынша жауын-шашын мөлшері мен олардың өзендерінің су жинау алаптарында қандай маусымда жауатынын анықтау қажет.
Мұнан кейін мұғалім Афркада көлдердің аз екенін айтады. Солтүстікте бөлініп қалған тұйық көлдер Анд тауларының оңтүстігінде мұз бен жанартаулардан пайда болған шаығн көлдер бар. Материкте тектоникалық жолмен пайда болған аса ірі көл – Титикака (үндістер тілінен аударғанда «қорғасынды немесе қалайлы тау» деген сөз) орналасқан. Көл ағынды болғандықтан суы тұщы келеді. Титикака көлінің түбінде қалған қазына жөніндегі инктердің аңызы бар. Инктердің бір аңызы бойынша қазынаны испан конкистадорларының қолына түсірмеу үшін үндістер барлық алтынды жинап алып, орасан зор шынжыр құйған да, өздері түбі жоқ деп есептеген көлге тастаған. Жак Ив Кусто бастаған техника жағынан жақсы жабдықталған француз экспедициясы екі шағын қайықпен сегіз апта бойы іздеп, Титикака көлінің ешқандай да құпиясы жоқ екенін анықтады. Экспедиция «түпсіз» көлдің тереңдігі 320м екенін дәлелдеді.
Сосын айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан оқушыларға көрсетеді.
Сосын материктің табиғат зоналары туралы айтқанда мұғалім оқушыларға өз беттерінше меңгеріңдер деген тапсырманы береді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жауын-шашынның экваторлық бөлігінде ғана мол жауып қоймай, сонымен қатар өзеннің бүкіл өн бойында да жыл бойы жауатынын айтып көрсетеді. Парана мен Ориноко өзендерінің алаптары үшін жауын-шашын ең көп жауатын мезгілі жаз екенін айтады
Өзендердің су жинау жолдарын анықтау үшін, оқушылар климаттық карталар бойынша шілде(қысқы) изотермаларының барысын тексереді. Өйткені өзендер жаңбырдан жеткілікті су жинайды, ал қар
Страницы: << < 88 | 89 | 90 | 91 | 92 > >>