География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  75 | 76 | 77 | 78 | 79  >  >>

үндістерді қырып-жоюы әрі аяусыз езуі нәтижесінде олардың өркениеті мен мәдениетіне көп нұқсан келді. Плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан ұзақ жылдар бойы құл-негрлер әкелінген, соның нәтижесінде араласқан халықтар (метистер, самболар, мулаттар) пайда болғандығы туралы айтып береді. Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен біргі Латын Америка деп атайтынын айтады.
Мұғалім еңбекшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы күресінен, сондай-ақ баспасөздің ең соңғы хабарларынан мысалдар келтіреді.
Материктің елдеріне көшкенде Оңтүстік Американың саяси картасы мен физикалық картасы мысалында елдері Анд елдері мен шығыстағы жазық елдері деп бөлінетінін айтады. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Халықтың тығыздығы картасы бойынша оқушылар адамдардың тіршілік етуі үшін аса қолайлы аудандар мен ондағы халықтың ұлттық құрамын, олардың ұрпақтарының басым қоныстанған аймақтарын анықтайды.
Мемлекеттерге сипаттама бергенде атластағы карталарды, әрі оқушыларға бұрынғы өткен сабақ материалдарынан мәлім мағлұматтарды пайдаланады. Оқушылар жауап берген кезде естеріңе түскен объектілерді қабырғадағы картадан көрсетеді.
ІVСабақты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Оңтүстік Американың нәсілдік және ұлттық құрамы қандай?
2. Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар.
3. Оңтүстік Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады?
Сосын келесі тапсырманы береді:
1. Оқулық мәтіні мен қосымша мәліметтерді, пайдаланып, Бразилия еліне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Материктің байырғы тұрғындары – монғол типтес нәсілге жа

Страницы: <<  <  75 | 76 | 77 | 78 | 79  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: