20 мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
V кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІСосын мұғалім бүгінгі сабақтың мақсатын айтады: оңтүстік жарты шарлар материгінің даму тарихы мен құрылуының өзіндік ерекшеліктерін түсіну.
Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болды. Одан кейін Гондванна материгінің ажырау схемасын көрсетіп материктердің орналасуын түсіндіреді. Сосын Гондвана материгінің бірнеше плиталарға бөлінуін 25 беттегі 16-сурет арқылы түсіндіреді.
Сосын оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедері тақырыпшасын оқып, қалқандар мен плиталар деген сөздерге анықтама жазыңдар деген тапсырманы береді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақтың мақсатын ашады.
Сосын параграфты оқып шығып, тақырыпты мұғаліммен бірге талдайды.
Оқушылар 25 бет 16-суреттегі Гондвана материгінің бірнеше плиталарға бөлінуін сызып алады.
Оқушылар оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орнын оқып алып, материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылықтарға қарамастан табиғи жағдайлары ұқсас болып келеді деген қорытындыға келеді.
Сосын оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедері тақырыпшасын оқып, қалқандар мен плиталар деген сөздерге түсінік береді. Қалқандар – платформаларда іргетасын құрайтын кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан бөлігі. Ойыстар - платформаларда іргетасын құрайтын кристалды жыныстардың өте қатты майысқан бөліктері. Одан кейін Гондваналық плиталар мен жанартаулық белдеулер туралы оқып шығады.
ІІ
Страницы: << < 62 | 63 | 64 | 65 | 66 > >>