дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІМұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлерін және кескін карталарын тексереді және бір-екі баланы тақта алдына шығарып, шеткі нүктелері мен шайып жатқан теңіздері мен шығанақтарын көрсеткізеді, сосын келесі сұрақтарды қояды:
1. Еуразияда қандай климаттық белдеулер кездеседі? Бір белдеуден екінші белдеудің айырмашылығы қандай?
2. Материк көлемінің үлкендігі климатқа қалай әсер етеді?
3. Материктің батыстан шығысқа қарай кең көлемде созылып жатуы әсерінен ажыратылатын климаттық сипаттарды атап шығыңдар.
4. Еуразия мен Солтүстік Американың климаттық белдеулеріндегі ұқсастық пен айырмашылығы неде?Оқушылар мұғалімге өз дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді. Бір-екі бала тақта алдына шығып, Еуразияның шеткі нүктелерін, оны шайып жатқан теңіздері мен шығанақтарын, бұғаздар мен Еуропа мен Азияның шекарасын көрсетеді. Сосын оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жауаптарын тақта алдында дәлелдейді.
ІІІЖаңа сабақты түсіндіру барысында мұғалім келесі сұрақтарды қояды: материктің көлемі өзеннің ұзындығына қалай әсер етеді? Оқушылардың жауаптарын жинақтап, Еуразияның басты ерекшелігі – ірі өзендердің көп екенін айтады. Одан кейін өзендердің орналасуына жер бедері қалай әсер етеді?
Өзендерлің климатқа байланыстылығын анықтау үшін өзендердің су жинауына және олардың суының молдығына, режиміне климат қалай әсер етеді?
Келесі кезекте мұғалім оқулықтағы «Мұхиттар мен ішкі тұйық алаптары» деген сурет бойынша Еуразияның су алаптарын және олардың шекараларын анықтайды. Сосын оқушыларды бес топқа бөліп, оларға су алаптары өзендерінің ерекшелігін анықтаңдар деген тапсырманы береді.
Одан кейін балаларға Еуразиядағы көлдер, қазіргі заманғы мұз ба
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>