География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>

мин)ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)Сабақ барысы:
КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІМұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырманы тексереді, сосын келесі сұрақтарды қояды:
1. Еуразияның ең биік нүктесі? Ең төмен жатқан нүктесі?
2. Еуразияның географиялық орнына сипаттама беріңдер.
3. Еуразияның шеткі нүктелері, қоныстану мен зерттелу тарихынан не білесіңдер.
4. Еуразияны шайып жатқан мұхиттары туралы не білесіңдер?
Сосын балалардың кескін карталарын тексеріп, бағалайды. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және өз дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді.

ІІІЖаңа сабақты түсіндіру барысында Еуразияның жер бедері алуан түрлі екенін айтып, орташа биіктігі 840 м, жартысынан астамы таулар, ең биік шыңы Джомолунгма (8848м) мен ең төмен нүктесін Өлі теңіз (-403м) айтады. Сосын балаларға биіктік ауытқуын анықтаңдар деп тапсырма береді.
Материктің негізін құрайтын Еуразия тақтасы әр түрлі жастағы құрылымдарынан тұрады (Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, Оңтүстік Қытай платформалар). Оңтүстігінде өте күшті тау жасалу жүрді (Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраты, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары).
Еуразия арқылы д. ж-де аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді (Альпі-Гималай белдеуі, Тынық мұхиттық геосинклинальді белдеу). Еуразияда ең биік жанартау – Ключи шоқысы (4750м).

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: