Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушыларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді. Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.
ІІТапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.
1 тапсырма. Климат картасы мен климат белдеулері картасын пайдалана отырып, Австралияның бір климат белдеуіне сипаттама беріңдер.
а) географиялық орны
ә) басым ауа массалары
б) қаңтар мен шілде айларының орташа температуралары
в) жылдық жауын-шашынның мөлшері және оның режимі
г) жыл маусымдарының анықталуы және оның ерекшеліктері
2 тапсырма. Кескін картаға берілген географиялық объектілерді түсіріңдер.
1. Йорк мүйісі, Оңтүстік шығыс мүйісі
2. Үлкен Австралия шығанағы
3. Үлкен Суайрық жотасы
4. Муррей өзені
5. Косцюшко, Винсон таулары
6. Тасмания аралы
7. Арнемленд, Антарктикалық түбектері
8. Үлкен құмды шөлі
9. Бассов бұғазы
10. Эребус жанартауы
11. Шмидт жазығы
12. Бентли ойысы
13. Уэдделл теңізі
14. Оңтүстік полюс
15. Оңтүстік поляр шеңбері
16. «Восток», «Мирный» станцияларыОқушылар берілген жоспар бойынша қалауы бойынша климат картасы мен климат белдеулері картасын пайдалана отырып және оқулықтағы қосымша мәліметтері көмегімен Австралияның бір климат белдеуіне сипаттама сипаттама береді. Яғни, географиялық орнын анықтайды, басым ауа массалары мен қаңтар мен шілде айларының орташа температураларын анықтайды, сосын жылдық жауын-шашынның мөлшері және оның режиміне тоқталып, соңында жыл маусымдарының анықталуы және оның ерекшеліктерін анықтайды.
Екінші тапсырманы орындағанда ең алдымен берілген объектілерді дүние жүзінің немесе Аустралияның физикалық картасынан тауып, сосын оларды кескін картасына т
Страницы: << < 112 | 113 | 114 | 115 | 116 > >>