н мұхит табанының жер бедерін 21-сурет арқылы түсіндіріп, суретті сызып алыңдар деген тапсырманы береді. Сұрақтара жауап береді және мұғалімді тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрайды. Сосын мұхит табанындағы жер бедері суретін сызып алады.
ІVТақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі тапсырмаларды береді:
1. 4, 5-кестелердегі мағлұматтарды картадан тауып алыңдар.
2. «Жер қыртысының құрылымы» мен дүние жүзінің физикалық картасын салыстырып, қорытынды шығарыңдар. Тақырыпты бекіту үшін тапсырмаларды орындайды.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІЖалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. Үзіліске шығады.
Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Оқушыларға атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызын түсіндіру. Климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу. .
Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мыса
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>