География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ртаға литосфералық тақталарды түсіру.
3. Аралдардың орналасқан жерлерін жаттау және картадан көрсету. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
VМұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады. Қоштасады.

Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Материктік және мұхиттық жер қыртысы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары, геосинклинальдар мен платформалар, материктер мен мұхиттардың пайда болу жолдары туралы қазіргі түсініктер, материктер мен мұхиттар бойынша жер бедері ірі пішіндерінің орналасу заңдылықтары туралы түсінік беру. Жер бедері ірі пішіндерінің орналасу заңдылықтарын дәлелдейтін нақты мысалдарды, жер сілкіну мен жанартау атқылау аудандарын картадан көрсете білуі.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.
Тәрбиелік мақсаты – Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: