анда фосфор элементінің бейметалдық қасиетінің төмендеуі оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді. Мәселен, фосфордың азоттан өзгеше бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар: ақ, қызыл, қара және басқалары.
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері
Ақ фосфор – өте белсенді, түссіз және өте улы зат, ауамен жанасса жанады, қараңғыда жарық шығарады. Фосфор буын конденсациялау арқылы алады. Суда ерімейді, сондықтан су астында сақтайды, бірақ күкіртті көміртекте жақсы ериді. Ұзақ және әлсіз қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады.
2
–
î
&
à
(алқызыл түстен күлгінге дейін) және басқа қасиеттері арқылы бөлінетін бірнеше аллотропиялық түрөзгерістерінің қоспасы екендігі анықталған. Қызыл фосфордың қасиеттері көбінесе оның алыну жағдайына байланысты. 2500С-тан жоғары температурада от алады.
Қара фосфор – сыртқы түрі графитке ұқсайды, қолмен ұстағанда майлы, жартылай өткізгіштік қасиеті бар, улылығы жоқ, 5000 С шамасында ғана от алады. Ақ фосфорды жоғары қысымда (2000С және 1200 МПа) ұзақ қыздырғанда алынады. Қатты қыздырғанда қызыл және қара фосфор бірден буға айналады.
Табиғи фосфор тұрақты бір изотоптан 31 Р тұрады. Жасанды радиоактивті изотоп 32 Р кең қолдануда.
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерісінің қасиеттері олардың құрылысымен түсіндіріледі. Ақ фосфордың құрылысы көбірек зерттелген. Оның молекулярлық кристалл торы бар. Оның молекуласы төрт атомнан тұрады, пішіні дұрыс үш қырлы пирамида тәрізді:
Фосфордың әрбір атомы пирамиданың төбесінің біреуінде орналасады да басқа үш атомнан үш σ-байланысымен байланысады. Молекулалық торлы басқа заттар тәрізді ақ фосфор оңай балқиды және ұшқыш келеді. Ол органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Қызыл және қара фосфордың ақ фосфордан өзгешелігі атомдық к
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>