320 0,9375 93,75
Жауабы: m (NH4NO3) 320 г
η 93,75
ІІІ. Жаңа сабақ өту.
Фосфор үшінші период, бесінші топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 15, оның ядросында 15 протон, 16 нейтроны бар, электрондарының жалпы саны
15-ке тең. Осы электрондар үш электрондық қабатта былай бөлініп орналасқан:
1s22s22p63s23p3
Фосфор қосылыстарында III, V валенттілік көрсетеді, тотығу дәрежелері
-3, 0, 3, 5.
Фосфор – азоттың аналогы, себебі оның валентті электрондарының электрондық конфигурациясы азоттікі тәрізді s2 p3. Бірақ азот атомына қарағанда фосфор
атомының иондану энергиясы төмендеу және оның радиусы үлкен. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық сипаттарының әлсіздеу екендігін көрсетеді. Сондықтан фосфор үшін -3 дәрежесі сиректеу, ал 5 жиірек кездеседі. Басқа тотығу дәрежелері де тән емес.
Табиғатта кездесуі. Жер қыртысының 0,08 процентін фосфор құрады. Табиғатта фосфор тек қана қосылыстар ретінде кездеседі, олардың ішіндегі негізгісі кальций фосфаты – апатит минералы. Апатиттің көп түрі белгілі, олардың ішіндегі ең кең таралғаны – фторапатит 3Са3(РО4)2 СаF2. Апатиттің түрлері шөгінді тау жыныстарының қалдығы фосфориттерді құрайды. Фосфор әртүрлі қосылыс түрінде белок заттардың құрамына кіреді. Мидың ұлпаларының құрамында 0,38, бұлшық еттерде 0,27 фосфор бар.
Дүние жүзінде апатитің ең бай орны Қола түбегіндегі Кировск қаласының жанында, Хибин таулары аумағында орналасқан. Фосфориттер Оралда, Поволжьеде, Сібірде, қазақстанда, Эстонияда, Белоруссияда және басқада жерлерде кең таралған. Фосфориттің мол кендері Солтүстік Африкада, Сирияда және АҚШ-та бар.
Фосфор өсімдіктердің өміріне қажет зат. Сондықтан топырақта фосфор қосылыстарының мөлшері жеткілікті болуы керек.
Физикалық қасиеттері. Азотқа қарағ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>