Сабақтың тақырыбы: Физикалық география-жер табиғаты жайлы ғылым. Жер туралы мәліметтер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: "Дүниетану" курсы бойынша тірі және өлі табиғат туралы оқушылардың білім қырына сүйене отырып, табиғат денелері мен заңдылық тарын оқып үйрену, табиғат компоненттерінің бір-бірімен байланыстылығын ашып беру.
Дамытушылық:Жер туралы мәліметтердің жиналу тарихына шолу жасау, география ғылымының даму кезеңдеріне, ерте замандағы, қазіргі кездегі географиялық зерттеулерге тоқталу.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, глобус.
Сабақтың түрі:Теориялық
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Сабақтың барысы:
1. Оқулық мазмұнына талдау бере отырып физикалық география курсы қандай тақырыптарды қарастыратындығына тоқталу.
2. Физикалық география жер бетінің табиғаты, халқы, оның шаруашылық әрекеті бір-бірімен тығыз байланысты, қарастырылатын ғылым саласының бір ғана бөлігі екендігін дәлелдеу.
Оқушылармен жұмыс:Оқушыларға сұрақ қоя отырып, жер бетінің табиғатына сипаттама бергізу барысында физикалық география нені зертейді деген сұрақты талдау.
3. Ежелгі грек ғалымы Эратосерен заманындағы "жерді сипатап жазу" деген ұғымды білдіретін, география қазіргі кезде кең мағынада қолданылатынын түсіндіру. Қазіргі кезде география-жер бетінің алуан түрлілігін, ауа райы мен климатың қалыптасуын, адам-қоғам-табиғат арасындағы байланысты қарастыратын жүйелі ғылым саласы. Сабақ барысында оқулықпен, картамен жұмыс істеу жолдарына тоқталамыз.
4. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталады? Тақырыбы бойынша түсіндіру.
а. Адамзат тарихының барлық кезеңдеріне көз салсақ, оларға жер, табиға, қоршаған орта туралы мәліметтер қажет болған.
Страницы: 1 | 2 > >>