ушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін білім алушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта білім алушы іс-әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Оқытушылардың тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру білім алушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде оқытушылар білім алушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда.
Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, саяхат-сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Жаңа АКТ-ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Білім алушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл-ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ-ның негізгі мақсаты - білім алушы қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану білім алушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында кәсіптік техникалық колледждердің оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкінді
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>