процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
"АКТ құралдары" дегеніміз - микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.
АКТ-ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет желісі;Ғаламтор желісі;
Электронды оқулық т. б.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) білм алушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Білім алушының ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен білім алушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Білім алушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Оң мотивацияларды қалыптастыру - мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив білім ал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>