Физика сабақтарын ақпаратты - коммуникативті технологияларын зерделеу арқылы меңгерту.
"Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа
технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу,
игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ,
сіздердің еншілеріңіз. . .
Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың
қолында"
Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты -- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Кәсіптік техникалық колледж - үйрететін орта, оның жүрегі -- мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс -- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация оқытушы табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Оқытушыларға қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпарттандыру
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>