тұрғандай, жан – жақтарына қарайды).
І-оқушы: Түнде қатты ұйықтаппыз ғой, жаңбыр жауған ба, әлде жаумаған ба? Жолға қарасаң құп-құрғақ, қалай анықтаймыз? Міне, жұмбақ?!
Орманшы:Сұраққа жауап беру үшін айналаға жақсылап қараңдар ағаш, шөптерде жаңбыр ылғалы сақталыпты, жол құрғақ неге?
ІІ-оқушы: Ағаштың биік ұшрары күннің сәулесінен қорғайды, әрі желді өткізбейді, сондықтан, олар булану, кебу процесін тежейді. Ағаштағы, шөптегі – жаңбыр іздері. Ал жол ашық, онда тамшы күн сәулесі,жел әсерінен тез кебеді.
І-оқушы:Мүмкін жаңбыр жаумаған шығар, жаңбырсыз ылғал болуы мүмкін бе?
Орманшы: Тамаша сұрақ!
ІІ-оқушы: Мүмкін.
І- оқушы:Неге?
ІІ-оқушы: Түндетемпература төмендесе, ауадағы су тамшылары кондексацияланып шық түседі.
І-оқушы: Мына қияқтарды шалғы, орақсыз шыбықтың көмегімен қиып түсіруге бола ма?
ІІ-оқушы: Әрине, ол үшін қияқты күшті тез қимылмен, шыбықпен ұру кеек. Сонда шыбықпен қияқтың әсерлесуіне аз уақыт кетеді де, шөп сабағы қисайып таүлгермей, қиылып кетеді.
Орманшы:Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр. Бұл не құбылыс?
І-оқушы: Диффузия.
Орманшы: Дұрыс-ақ, ал ендіосы жәндіктердің ызылдаған дыбысын неге ұшқанда ғана естиміз?
ІІ-оқушы:Ақсақал, ол тербеліс қыбылысы ғой. Ара 1 секунд. ішінде қанатын 200 рет, маса 600 рет қағып, ауаны тербелтеді де, дыбыс тудырады. Сондықтан бірінің дауысы жіңішке, екіншісі жуан болады.
Орманшы: Ал онда көбелекте ұшып жүр ғой, оның дыбысын неге естімейміз?
ІІ-оқушы:Мәселе мынада: адам құлағы16-20000 Гц аралығындағы дыбысты қабылдайды. Алкөбелек болса 1 сек – та 10 рет қана қант қағады. Демек, тербеліс жиілігі өте аз.
І-оқушы:
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>