Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

тің мәні, тірі және өлі табиғаттың бірлігі туралы. Даму идеялары және дамудың себептері, органикалық дүниені жіқтеу әрекеттері. Қайта өрлеу дәуірінде жаратылыс танудың дамуы.
Линней жүйесі. Жаратылыстанудың метафизикалылығы. Алғашқы эволюциялық концепциялардың жасалуы. Ламарктың түсініктері.
Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болды. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді деп есептеді. Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Ертедегі грецияның көрнекті ғалымы, философ Аристотель болды. Ол өзінің жануарлар тарихы, жануарлардың пайда болуы деген еңбектерінде жануарлардың 454 түріне сипаттама берді.
Сол кездегі материалистік бағыттағы ой пікірге қарсы табиғатта қарапайымнан күрделіге дейінгі дамудың бар екенін жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады. Метафизиктердің пікірлері бойынша табиғат тұрақты, өзгермейді, ең алғашында қалай жаратылса, біз оны солай көреміз деді.
XVIII ғасырда өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі туралы пікірлер айтылып олар трансформисттер деп аталды.
XVI - XVII ғасырлар аралығында тірі ағзаълардың түрлері жайлы деректі материалдар, жинақтамалар көбейе бастады. Тірі табиғаттың өлшем бірлігі түр деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей (1628 –1705) оған ең алғаш анықтама берді.
Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы және дәрігер Карл Линней (1707-1778). Ол биологияның бір саласы тірі ағзаларды белгілі бір систематикалық категориялар бойынша жүйелейтін – систематиканың дамуына ықпалын тигізді. Ол ғылымға 4 систематикалық категориялар енгізді: класс, отряд, туыс, түр. Жақын түрлер туысқа, туыста

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: