даму жүретіндігін яғни эволюцияның бар екенін тұжырымдады. Ол жануарлар дүниесін омыртқалылар, омыртқасыздар деп екі топқа бөлді, ал Аристотель жануарларды топқа жіктегенде қансыздар және қандылар деген ат берген.
Линней жасаған жүйеде омыртқасыздар бар жоғы 2 класқа біріктірілсе, Ламарк оларды келесідей 10 класқа топтастырды: инфузориялар, полиптер, сәулелілер, құрттар, насекомдар, өрмекшітәрізділер, шаянтәрізділер, мұртаяқтылар, былқылдақденелілер. Омыртқалы жануарларды келесідей 4 класқа біріктірді: балықтар, бауырыменжорғалаушылар, құстар, сүткоректілер.
Ламарктың жүйесіндегі жануарлар реті бір жасушалы қарапайым жәндік кебісшеден басталып, сүткоректілермен аяқталған. Оған белгілі барлық жануарлар 6 сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы орналастырылған. Бұл жүйеден баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша ағзалардың қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай біртіндеп жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі.
Бұл тарихи дамудың қорзаушы күшін түсіндіргенде ол мүшелердің жаттығуы немесе жаттықпауы деген қате идеалистік көзқараста болды.
Ламарк табиғи дамудың қозғаушы күштерін дұрыс көрсете алмай, оны түсіндіруде әр ағзада прогреске іштей ұмтылыс болады, және ортаға бейімделуде әуел бастан мақсатқа сәйкестілік бар деген идеалистік қате ұғымда болды.
Ламарк ғылым тарихында эволюциялық идеяны алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Ол табиғатта түрлердің тұрақты еместігін, бір түрдің екінші түрге біртіндеп айналатындығын айта келіп, табиғатта түрдің шын мәнісінде бар екенін жоққа шығарды.
Осыған қарамастан Дарвин эволюциялық идеяларды тұжырымдаған кезде Ламаркты өзінің ізбасары деп танып, оның еңбектерін өте жоғары бағалады.
Чарлз Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>